Лауазымды тұлғаға пара бермек болған Қытай Халық Республикасының азаматтары ұсталып, тергеу абақтысына қамалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаментінің қызметкерлері Қытайдың екі азаматын осы ведомствоның уәкілетті қызметкеріне қамқорлық жасау үшін пара беріп жатқан жерінен ұстады.
"Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Қытай Халық Республикасының екі азаматын департаменттің уәкілетті қызметкеріне 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Пара Атырау қаласында заңсыз жұмыс істеген шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң шешу үшін берілген.
Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы ақшалай сыйақы ұсынған.
Ұсталғандар кінәсін мойындады. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Sputniknews.kz