$ 449.58  486.94  4.86

Алматыдағы тиін мүсінінің тағдыры қалай шешімін таппақ? - Алматы әкімі жауап берді

Сағынтаевтың айтуынша, тиін мүсіні - жеке жоба.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тиін мүсінінің тағдыры қашан және қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Алматыдағы тиін мәселесі бәрінен де қызықты жұртқа. Бүкіл проблема сол тиінге тірелсе, оған мен қуанамын. Яғни басқа тірліктің бәрі, басқа жұмыстың бәрі орнында, жұрттың көңіл-күйі орнында, жұмыстың бәрі шешілген", - деді әкім. 

Сағынтаевтың айтуынша, тиін мүсіні - жеке жоба.  

"Ол саманнан жасалған, өздеріңіз білесіздер, тозығы жеткен. Қазір үстін жауып қойған. Сол жеке жобаның жетекшілері басқармаға шығып, өз ұсыныстарын айтып, қалай жандандырудың жолдарымен айналысып жатыр. Егер осы желтоқсанда жобалар ұсынылып, тұрғындармен келісілетін болса, онда бізде қарсылық жоқ", - деді Алматы әкімі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары