$ 498.34  519.72  4.85

«Құдай сақтасын!..»: Алматы әкімі орынбасарының жемқорлыққа қатысы бары анықталса, Сағынтаев отставкаға кете ме?

Заңның аты - заң, оны орындау керек.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасарын сыбайлас жемқорлық бойынша әшкерелесе, қандай іске баратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Заңның аты - заң, оны орындау керек. Құдай сақтасын!... Егер менің қарамағымдағылардың біреуінің жемқорлыққа қатысы бары анықталса, оның кінәсі сот арқылы дәлелденсе, мен заңға сәйкес отставкаға кетуім керек. Одан кейін өтінішті Президент қабылдауға немесе қабылдамауға құқылы. Мен заңға сәйкес әрекет етемін», - деді әкім.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тарихи заңға қол қойды.

Енді қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары анықталса, мемлекеттік қызметкерлер, министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері отставкаға кетуге міндетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары