$ 494.87  520.65  4.91

Прокурор Сириядан оралған 14 қазақстандыққа 17 жылға дейінгі түрме жазасын сұрады

Айыпталушылар – 25 пен 50 жас аралығындағы ерлер.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

29 қарашада Нұр-Сұлтандағы сот отырысында прокурор "Сирияда ДАИШ экстремистік ұйымының қатарында болды" деп айыпталған 14 қазақстандықты 10 жылдан 17 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Айыпталушылар – 25 пен 50 жас аралығындағы ерлер. Олардың бірі сотқа ауруханадан видеобайланыс арқылы қатысты. Айыпталушы Сирияда жараланып, қазір емделіп жатыр.

Сириядан оралғандарға «терроризмді насихаттады», «Сирияға адамдарды тартты», «террорлық топқа қосылды» деген айыптар тағылған. Олардың көбі кейбір айыпты мойындамайды. Басым бөлігі тек «террорлық ұйымға қосылды» деген айыпты мойындап отыр.

Биыл Қазақстан Сириядан арнайы операциямен жүздеген азаматын алып келген.

Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Сирия мен Ирактан Қазақстанның 824 азаматы (277 ересек, 547 бала) елге жеткізілгенін айтқан. ҰҚК дерегінше, олардың 44-і сотталған. Жауапқа тартылғандардың 10-ы – әйел

Комитет дерегінше, Сирия мен Иракта шамамен әлі жүзге жуық қазақстандық бар.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары