$ 444.32  473.33  4.76

30 қараша күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда болатын іс-шаралар

17.00-де World Athletics басшысы Лорд Себастьян Коэ ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесуі.
Фото: dw.com
Фото: dw.com

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 30 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады. 

НҰР-СҰЛТАН 

14.30-да Оқушылар сарайында Халықаралық атлетика федерацияларының қауымдастығы World Athletics президенті Лорд Себастьян Коэ Қазақстанға ресми сапармен келеді және ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездеседі. 

15.30-да World Athletics басшысы Лорд Себастьян Коэ ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті Тимур Құлыбаевпен кездеседі. 

17.00-де World Athletics басшысы Лорд Себастьян Коэ ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесуі. 

17.50-де Оқушылар сарайының жеңіл атлетикалық манежінде Altay Kids Cup ресми ашылу cалтанатын өтеді. 

18.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Altyn Samǵaý-2019» Жыл сайынғы спорттық жүлдесі табысталады. 

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы қойылады. 

19.00-де Жастар сарайында С. Дүйсекеевтің «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасы ұсынылады. 

АЛМАТЫ 

15.00-де «Grand Park» орталығында Аяз аталар мен ақшақарлар шеруі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары