$ 448.89  477.93  4.76

Петропавлды жат планеталықтар кезіп жүр

Аспандағы ғажайып көріністі көріп алғашқыда үрейі ұшса да, тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алыпты. Артынша ғаламторда қызу талқы басталды.
Фото: vladtime.ru
Фото: vladtime.ru

Петропавлдықтар жат планеталық қонақтарды жаппай талқылап жатыр. Тұрғындар түнгі аспанда түсініксіз құбылыс көрген. Жарқ-жұрқ етіп ұшқан белгісіз нысан жұртты шынымен қорқытып тастағанға ұқсайды,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Аспандағы ғажайып көріністі көріп алғашқыда үрейі ұшса да, тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алыпты. Артынша ғаламторда қызу талқы басталды. Петропавлдықтар бұны бірден жат планеталық аппарат деп қабылдаған. Бұл көріністі Қазақстанның басқа өңірлері мен Ресейдің шекаралас аудандарында да байқапты. Олар да «жат планеталықтар» деп ұйғарған. Кешікпей, Ресей Қорғаныс министрлігі құрлықаралық «Тополь» баллистикалық зымыранын ұшырғанын хабарлап, видеосын таратты. Осыдан соң ғана дүрліккен жұрт тынышталды. Зымыран Ресейдің Капустин Яр полигонынан оқу-жаттығу мақсатында ұшырылған.

Андрей Солодовник, физика-математика ғылымдарының кандидаты: «Тополь» зымыранын жіберген кезде жер мен әуе арасында оның ғарыштық жолы көрінеді. Яғни, ауаның жоғарғы қабатында жанған жанармайдан ауаның иондануы себепті мынадай үлкен жарқыраған конус пайда болады. Ал зымыранның бас жағы нақты көрінбегенімен ұшып бара жатқанда жарқжұрқ еткені ғана байқалады. Бұл сол сәттер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Петропавл