$ 494.87  520.65  4.91

1 желтоқсанда еліміздің біраз аймағын тұман басады

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады, кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады.
Фото: pikabu.ru
Фото: pikabu.ru

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтальді бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа-райы болады, кей жерлерде жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын бақыланады, жел күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде – тұман бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алакөл көліның аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары