$ 494.87  520.65  4.91

Күміс медаль 11 жылдан кейін алтын медальға айналды

Бейжің олимпиадасында Важенина 75 келі салмақ категориясында екінші орын алған.
фото: people.cn
фото: people.cn

Ешкім, тіпті, спортшының өзі мұндай марапатты күткен жоқ еді. Бірақ, Ұлттық олимпиада комитетінің шешімімен қазақстандық ауыр атлетші 2008 жылғы Олимпиада ойындарында екінші орын алған Алла Важенина  алтын медальға қолжеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Vesti.kz дереккөзіне сілтеме жасай отырып.

Расында, адамға бақ қонамын десе, 11 жылдың өтіп кеткеніне қарамайды екен-ау!?

Күні кеше ғана спортшыны Ұлттық олимпиада комитетінің салтанатты шарасында  2008 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін алтын медальмен марапаттады. 

Естеріңізге сала кетсек, Бейжің олимпиадасында Важенина 75 келі салмақ категориясында екінші орын алған болатын. Ал бас жүлде қытайлық  спортшы Цао Лэйға бұйырған еді. Десе де, уақыт өте келе қытайлық спортшы 2017 жылы допинг қолданғаны үшін марапаттарынан айырылып қалған. Сондықтан оның олжалаған атағы, Бажинаға 11 жылдан кейін бұйырып отыр.

Айтпақшы, мұнан бөлек, Олимпиада-2008 ойындарында ауыр атлетші Ольга Рыпаковаға күміс медаль табысталды. Ресейлік спортшы Татьяна Лебедева қатарынан үш рет секіруде екінші орын алған. Ол марапаттарынан айырылғандықтан,  кезінде үшінші орын алған қазақстандық спортшы екінші орынға  көтерілді. Бұл марапаттардың барлығы да спортшылар үшін күтпеген тосынсый болғаны анық.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары