$ 444.22  476.38  4.82

Тұңғыш президентке қатысты тарихи құжаттың суреті жарияланды

Қаулыда қоғамда үлкен өзгерістердің болуына әсер еткен тұңғыш президенттің аты-жөні жазылған.
фото: Еlorda.info
фото: Еlorda.info

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Нзарбаевқа қатысты тың ақпарат әрі тарихи құжат интернетте тарады. Бұл туралы Елорда Инфо сайты 1978 жылғы 22 желтоқсандағы мұрағаттық құжатты жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тарихи  маңызы бар Қаулыда қоғамда үлкен өзгерістердің болуына әсер еткен тұңғыш президенттің аты-жөні жазылған. 

Құжатта Қазақстан Компартиясы Қарағанды облыстық партия комитеті I пленумының Қаулысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы және бюро мүшесі  болып сайланғаны туралы мәлімет бар.

 Сондай-ақ, құжатта сол кездегі Қазақстан Компартиясы обком хатшысы В.Акулинцев мырзаның қолы қойылып, Қарағанды облыстық комитетінің мөрі басылған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары