«Жыл таңдауы-2019» жүлдесінің марапаттау рәсімінде Ninety One бой көрсетпесе де, атышулы boysband үздіктердің қатарына кірген, деп хабарлайды Shownews.kz
Алайда жыл сайын ұлттық музыкалық жүлдеде өнер көрсетіп, фанаттарына ерекше эмоция сыйлайтын Ninety One бұл жолы сахнаға шықпады. Бірақ аталмыш boysbandтің «Men emes», «Bari biled» атты тректері «Жыл таңдауы-2019» премиясына лайық деп танылып, атаулы мүсінше ұжымның продюсері Ерболат Беделханға табысталды.
Ninety One тобынан өзге де q-pop өкілдері қалысар емес. Мәселен, биыл MadMen бестігі «Ulala» әнімен арнайы мүсіншемен марапатталып, таңдаулылар тізімін толықтырды.