02.12.2019, 09:35

«Осымен бітті»: Альварес Головкинмен жұдырықтасқысы келмейтінін мәлімдеді

фото: 24.kz
Қарсыластар бұған дейін екі рет кездескен.

Жартылай ауыр салмақта WBО чемпионы, мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Мен үшін бұл жекпе-жек қызық емес. Мен оған 24 раунд уақыт бердім. Осымен бітті. Мен жасайтын басқа да жұмыстарым бар», – деді Альварес BoxingScene порталына берген сұқбатында.

Қарсыластар бұған дейін екі рет кездесті - біріншісінде, тең есеп тіркелді, ал екінші жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

«Канело» - төрт категория бойынша белбеу алған алғашқы боксшы. Бұған дейін ол бірінші орта, орта және екінші орта салмақта чемпион болған. 3 қараша күні ресейлік Сергей Ковалевпен кездескен Сауль, қарсыласын 11 раундта нокаутқа жіберді.