Тұңғыш президент күні қарсаңында Алматы қаласындағы көшелердің бірінде «Ел басынан шіриді» деген жазуы бар баннер ілінген. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы instagram әлеуметтік желісіндегі «@rukh2k10» аккаунтына сілтеме жасап хабарлайды.
Парақшадағы осы суреттің астына жазба да салынған.
Жазбада «Бұл акция арқылы біз жоғарыдағы биліктегілерге елдің тағдыры біздің қолымызда екендігін көрсеткіміз келеді. Бізге ұнамағандарда «ЖОҚ» деп айтуға әрдайым құқығымыз бар. Біздің сөз бостандығымыз бар, оны қорғаймыз. Елде заңсыздық, жемқорлық және қорлау жайлағанда ақшаның құлдырауы, несие мен ипотекалық қарыздар шектен тыс асып кеткенде біз атой салып «Тұңғыш президент күнін» тойлап жатырмыз!».
Оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлерді ұлт көшбасшысына ризашылықтарын білдіруге міндеттейді. Көшелердің, астананың атауын өзгерту, қалаларымыздың барлық негізгі көшелеріне ескерткіштер мен портреттер орнату, осының барлығы бірнеше онжылдықтар бойы бір қолмен билік жүргізіп, жеке тұлғаға табынуға алып келді дегенді білдіреді. Қазақстан өз тәуелсіздігін осындай «жарқын болашақ» үшін іздеген жоқ еді.
Дәл қазіргі сәтте қоғамның дағдарыс жағдайы арқылы барлық саяси өзгерістердің болуы қажет екендігін көріп тұрмыз. Мықты мемлекеттің тұжырымдамасы алдымен, халықтың билікке деген сенімінен құрылады, бізде мұндай сенім енді жоқ» , - делінген.
Автордың бұл жазбасына желі қолданушылары немқұрайлылық танытпады. Айтпақшы, көпшілік көп өтетін көше бойына мұндай баннерді кім ілгені белгісіз.