«Естілген құлақ есебін берер» деген осы болар. Күні кеше ғана әлеуметтік желіде анонимді түрде бір дәрігер ауыр қызметі, емделушілердің дөрекілігі туралы жазба жариялаған еді. Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында үлкен резонанс туғызған осы ақпаратқа қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов facebook парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Құрметті әріптес,сіздің жазбаңызды оқып, қызметіңізге адалдығыңызға және адамдарға өте қажетті қиын жұмысты жасап жүргеніңізге алғыс айтқым келеді! Өзім де білемін, кейде өте ауыр және кейбір емделушілердің сөздері мен іс-әрекеттерінен ренжитін кездер болып тұрады. Бірақ, мұның барлығын ашусыз, кикілжіңсіз жеңіп, медицина саласында жұмыс жасай беретініңізге сенемін. Жұмысыңызға берілген адам маман екендігіңіз түсінікті.Сондықтан сіз әрдайым біздің медицина саласына және адамдарға керек мамансыз. Сізге сабырлылық, ең бастысы - мықты денсаулық тілеймін! Өзіңізді, әріптестеріңізді сақтаңыздар! Сіздер адамдарға керексіздер!», - деп жазды Е.Біртанов
Естеріңізге сала кетсек, «Кейбір қыздар бетімен кеткен, ұятсыз»: дәрігер әлеуметтік желіде дабыл қақты" деген тақырыпта мәлімет жариялаған болатынбыз.