$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде аздаған  қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей өңірлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.


Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы  15-20 м/с.-ге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрып, бұрқасын болады, желдің екпіні -15-20 м/с.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

 Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз  желдің күші 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары