$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда-Құмкөл тасжолында 50 жолаушысы бар автобус аударылды: зардап шеккендер бар

Жол апатына жол қозғалысы ережесін сақтамау және мұзтайғақ себеп болуы мүмкін.

Қызылорда облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Апат 3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында болған. Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, автобус аударылған. Алдын ала мәлімет бойынша, салонда 50 жолаушы болған. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша келе жатқан. 

"Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болды. Қызылорда облысы ТЖД-да жедел штаб құрылды. Қауырт желі телефоны (7242) 24-41-61, 70-03-28. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен төрт техника, алты қызметкер мен екі техника, 12 қызметкер мен төрт техника жұмыс істеп жатыр.

07.59 жағдайында оқиға орнында қаза тапқан алты адамның денесі табылды. 22 адам зардап шекті, олар автобустан шығарылды. Құтқарушылар апат-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Жол апатына жол қозғалысы ережесін сақтамау және мұзтайғақ себеп болуы мүмкін. Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі ("Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы") бойынша жүріп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты