$ 494.87  520.65  4.91

Мекенжайы бойынша өртке қарсы насихат жүргізіледі

Жылу беру маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігі назарға алынады. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда тұр.
фото: ortalyq.kz
фото: ortalyq.kz

2019-2020 жылдары жылу беру маусымында адамдардың қайтыс болуын азайту мақсатында азаматтық қорғау органдары кешенді іс-шараларды өткізуді жоспарлаған. ТЖД инженерлік-инспекторлық құрамы тұрғын үйлерді аралау кестесін әзірлеген, деп хабарлайды Sn.kz.

Аралау кезінде ақауы бар жылыту құралдарын, электр қондырғыларын пайдалануға жол бермеу түсіндірілді. Халықтың осал топтарының тұрғылықты жері бойынша (1 топтағы мүгедектер, ҰОС ардагерлері, жалғыз тұратын зейнеткерлер),әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мекенжайы бойынша өртке қарсы насихат жүргізіледі. 

Жылу беру маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігі назарға алынады. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда тұр. Жылыту кезеңінің басынан бастап, соңына дейін барлық білім беру ұйымдарында сынып сағаттарында және ата-аналар жиналыстарында өрттің алдын алуға (соның ішінде балалардың отпен ойнауынан), өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының улы және табиғи газбен улануының алдын алу бойынша түсіндіру шаралары жүзеге асты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #жылу