$ 494.87  520.65  4.91

Әл-Каида Италия мен Испанияға шабуыл жасауды жоспарлап отыр

Әл-Каида лаңкестік ұйымы Рим, Неаполь және Мадрид қалаларында жарылыстар жасауды жоспарлап отыр. Бұл жайында ұйым өкілдері өздерінің бейнемәлімдемесінде айтқан деп жазады Europa Press агенттігі.

«Бүгін олар біздің жерімізде. Бірақ құдайдың көмегімен біз оларды өз жерлерінде жазалайтын боламыз», — дейді содырлар өкілі.

Белгілі болғандай, бейнероликті лаңкестік ұйымның Малидегі содырлары әзірлеген. Олардың арасында Испания азаматтары бар.

Интернетке шыққан видеоның ұзақтығы 13 минут. Қазір бұл видеоны екі елдің арнаулы қызмет өкілдері зерттеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары