21 қараша 2019 жылы Шымкент қаласында «Жерді суландыру және жер ресурстарын тұрақты басқару саласындағы әлеуетті арттыру» тақырыбына семинар өтті. Семинар Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Қазақстан Республикасының Тұрақты дамуға көмектесу Орталығымен» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sn.kz.
Климаттың өзгеруі мен құрғақшылық проблемасы
Қазақстанда және әлемде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Түркістан облысы - климаттың өзгеруіне осал аймақ, сондықтан құрғақшылықты азайтып, су ресурстарын тұрақты басқаруды қажет етеді. Климаттың өзгеруімен туындаған құрғақшылық өте маңызды мәселе, өйткені олар Түркістан облысының құрғақ және шөлейт аймақтарындағы экожүйелік қызметтерге тікелей әсер етеді.
Суармалы және құрғақ жерлерді ұтымды пайдаланумен айналысатын фермерлер мен мамандардың біліктілігі мен хабарландырылу деңгейін арттыру үшін осы семинар өткізілді.
Семинар барысында фермерлер Қазақстанда суару және дақылдарды өсіруде қолданылатын жаңа технологиялармен танысты, технологиялар арқылы жердің өнімділігін арттыру, сонымен қатар су үнемдеу және суармалы егіншілікте әртараптандыру технологиялырының мүмкіндіктерімен танысты.
Шақырылған сарапшылар суармалы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру жолдары, дақылдарды тамшылатып суарудың инновациялық жүйелері, биогумус өнімін жасау, органикалық қалдықтардан биогаз өндіру және оны ауыл шаруашылығында қолдану туралы айтты.
БҰҰДБ энергия тиімділігі жөніндегі сарапшысы қалалық және ауылшаруашылық секторларында шағын жаңартылатын энергия көздерін субсидиялау туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар биогаз қондырғысы бар Шымкент қаласындағы ағынды суларды тазарту орталығына барды.