$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Қызылордадағы жол апатынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.
фото: Zakon.kz
фото: Zakon.kz

Қызылорда облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетіп, одан 22 адам зардап шеккендігі туралы хабар тараған соң, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында. 

 Естеріңізге сала кетсек, апат 3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл автожолында болған. Көктайғақтың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, автобус аударылған. Алдын ала мәлімет бойынша, салонда 50 жолаушы болған. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары