Жаңалықтар 15.11.2019 сағат 17:36

«Smart Shymkent даму» форумы өтуде

Форумға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов пен Қазақстандық IT-қауымдастық өкілдері, Түркістан облысы мен қалалық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ЖОО-ның басшылары қатысуда.
«Smart Shymkent даму» форумы өтуде
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Smart Shymkent даму» форумы — еліміздің үшінші мегаполисін цифрландыру мәселесіне арналып отыр. Аталмыш жиында қазіргі заманға ақпараттық технологиялардың жетістіктерін мемлекеттік органдар жүйесіне, көрсетілетін қызметтер саласына ендірудің жолдары мен тәртібі талқыланады деп күтілуде, деп хабарлайды Sn.kz.

«Smart Shymkent даму» форумында Қытай, Германия, Белоруссия мен Эстония елдерінен келген спикерлер IT-технология саласында өз ойларымен бөліседі. Бұдан басқа, аталмыш шарада озық технологиялардың жетістіктерін мемлекеттік органдар жүйесіне, көрсетілетін қызметтер саласына ендірудің жолдары мен тәртібі талқыланбақ.

Форумға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов пен Қазақстандық IT-қауымдастық өкілдері, Түркістан облысы мен қалалық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ЖОО-ның басшылары қатысуда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар