03.12.2019, 20:10

Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, көктайғақ сақталады.

Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Көкшетау өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, көктайғақ сақталады. 

Дәл осы күн елордада тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. 

4 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік- шығыстан, шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Ертең Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда тұман түсіп, бұрқасын соғатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.