03.12.2019, 20:21

Биыл 8 ХҚКО қызметкері соққыға жығылған

Орталық коммуникациялар қызметіндегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ағымдағы жылы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне қатысты 8 ұру фактісі тіркелді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жыл басынан бері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметкерлерді ұрудың 8 фактісі тіркелді. Осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот шешімі шыққаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Мұндай жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында болды. Осы 8 фактінің барлығы ұрып-соғу түрінде жазылған. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығында басқа да жанжал жағдайлары тіркелді», - деді Жұманбай Орталық коммуникациялар қызметіндегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Корпорация директоры халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы азаматтардың жанжалдарының себептері туралы да айтты.

Тегтер: ХҚКО