$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбеде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция жолдағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтті.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Самара - Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласы мен Ырғыз аудандары аралығы уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақавтожол» ЖШС сағат 20:00-ден бастап көктайғаққа байланысты Самара - Шымкент тасжолының бір бөлігін жапты. Республикалық күре жолында Ақтөбе қаласы Беққұл баба ауылынан Ырғыз ауданы орталығына дейін жеңіл және жүк көлігіне жүруге тыйым салынды. 

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция жолдағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #жол