$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда жүкті әйелді баласымен бірге көлік қағып кетті

Оқиға 2 желтоқсан күні кешкі сағат 10 шамасында "Мечта" дүкенінің маңында болған.
Фото: cdn.beta.qalampir.uz
Фото: cdn.beta.qalampir.uz

Ақтауда жүкті әйел мен оның 2 жасар баласын көлік қағып кетті, деп жазады Skifnews.kz Tumba.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оқиға 2 желтоқсан күні кешкі сағат 10 шамасында "Мечта" дүкенінің маңында болған.

Әйел баласымен бірге Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

"Жабық бас-сүйек жарақатын алған сәби балалар ауруханасына жеткізілді. 24 жастағы толғағы жақындаған әйел де ауруханада жатыр", - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары