08.01.2016, 11:57

ОҚО-да балықшылар мінген қайық жарылып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Аққала ауылында балықшылар мінген моторлы қайықтың жанармай багы жарылып кетті деп хабарлайды "Новости-Казахстан" АА ОҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға болған кезде қайықта екі адам болған. 1986 жылы туған балықшы жарылыс салдарынан суға кетсе, екіншісі бас сүйегінің ашық жарақатын алған. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр.

Суға батып кеткен балықшының денесі әлі табылған жоқ. Құтқарушылар өзеннің түбін іздестіруде.