$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық кеш өтті

Дәстүрлі музыкалық ән кешінде негізінде ұлт-азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалып қудаланған халық композиторларының шығармалары орындалды.

Алматыда «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концерт өтті. Шара қала әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды деп хабарлайды Sn.kz.

«Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық кеш Алматыдағы Ғылым ордасының ғимаратында өтті. 

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» жобасы бойынша ұйымдастырылған екен. Шараны өткізуге «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі мұрындық болған.

Дәстүрлі музыкалық ән кешінде негізінде ұлт-азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалып қудаланған халық композиторларының шығармалары орындалды.

Концертте сазсырнайдың сазды әуенін, домбыранын дүбірін Ұлжан Байбосынова, Ерлан Төлеутай, Гүлім Алшынова, Жанаргүл Саркенова, Бекзат Әбильдин, Өсербай Ақжол, Ардақ Исатаева, Нұриддин Бек, Талғат Әбуғазы, Армат Исламғалиев, Шолпан Дәржанова, Амангелді Күзеубай, Эльза Карабалина, Рамазан Стамғазиев секілді есім-сойы елге танымал өнерпаздар өнер көрсетті. 

Шара барысында «Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны» мақалалар байқауының жеңімпаздары марапатталып, ұлт жолында аянбай тер төгіп жүрген асыл азаматтарымыз Хангелді Әбжанов, Кәкен Қамза, Аманқос Мектептегі, Хасен Қожа Ахмет, Тынысбек Қоңыратбай, Рамазан Стамғазы, Светлана Смағұлова, Факия Шамшиденова, Софы Сматаев, Елнар Жақиянов, Әмірбек Шиырбаев, Алмат Әбдіраманға «Қазақ қыраны» медалі табысталды.

Концерт соңында «Алатау серілері» тобы өз өнерін көрсетіп аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары