$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматыда үшінші республикалық оқушылар айтысы өтті

Жарысқа бағын сынау үшін еліміздің әр түкпірінен 16 оқушы іріктеліп, 8 жұп болып айтысты.

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін». Алматыда осындай атаумен үшінші рет оқушылар арасында республикалық айтыс өтті. Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Sn.kz.

Алматыдағы үшінші республикалық оқушылар айтысына ақын, қоғам қайраткері, қазақ айтысының қара нары Жүрсін Ерман төрелік етті. 

Ұлттық өнерді дәріптейтін дода қаладағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған интернатта ұйымдастырылды. Жарысқа бағын сынау үшін еліміздің әр түкпірінен 16 оқушы іріктеліп, 8 жұп болып айтысты. 

Шараның басты мақсаты – рухани мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру дейді ұйымдастырушылар. 
Сөздерінше, додадан ешкім сыйлықсыз қайтпайды. Барлығына қаржылай сыйлық табыстылады.

«Бұл іс шарамыздың жылдан жылға өзінің деңгейін көтеріп келе жатқанына бізде қуантады. Себебі мектеп қабырғасында жүріп ақындар өздерінің болашаққа жасайтын қадамдарын ойланып, таңдайтын мамандығын болашақ істерімен ұштастыруы керек. Сондықтан да бала кезінен айтысқан ақындардың жас ұлғайған кезінде еске ала алатын тарихы болады», - дейді «Асыл тас» қорының президенті Дулат Тастекеев. 

Жас жүйріктер хакім Абай атамызды жырларына арқау ете отырып, әзіл-қалжың аралас тамаша, тартысты айтыстар көрсетті.

Қазылар шешімі бойынша Бас жүлдені Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан келген Төлеген Айқын, Жүлделі Бірінші орынды Абай атындағы мектеп-интернаттының оқушысы Қанапия Алтынай, Екінші орынды Түркістан қаласынан келген Болат Тәңірберді және Алматы облысынан қатысқан Асылбекқызы Айым, Үшінші орынды Қызылорда қаласынан келген Піржан Сандыбай, Ақтөбе облысынан келген Құлшар Бекзат және Абай атындағы мектеп-интернаттының оқушысы Қазыбек Жалғас қанжығалады. 

Жүлделі орын иеленген ақындар ҚР Білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Көкшетаудан келген Нұрғиса Елешке, Солтүстік Қазақстаннан келген Аяған Диасқа, Алматы облысынан қатысқан Жұмабек Ерасылға арнайы жүлде бұйырды. Қалған бес ақынға шабыттандыру сыйлығын тапсырылды. 

Жыр бәйгені қортындылаған айтыстың атасы Жүрсін Молдашұлы жас дарындарға батасын берді. Айтыста сөз алған Абай атындағы мектеп-интернат директоры Роза Ербозымқызы Сексенова барлық қатысушы ақын мен жетекшілеріне және қазылар алғасының құрамына алғыс хат тапсырып, алғысын білдіп, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман мен айтыс жанашыры, кәсіпкер Дулат Тастекеевтің иығына шапан жапты. Роза Ербозымқызы жақсы өнер көрсеткен Түркістанның жас ақыны Болат Тәңірберді мен Шиелінің ақыны Төлеген Айқынды аталған білім ордасына оқуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары