$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда «Армандар орындалады» қайырымдылық акциясы басталды

Нұрсұлтан есімді партияның 100 мүшесі елімізде челлендж бастады.

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Nur Otan « партиясының Алматы қалалық филиалы және «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастыруымен «Армандар орындалады» қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды Sn.kz.

Науқас балаларға көмек көрсету мақсатындағы акияға қатысушылар «Nur Otan» партиясының Нұрсұлтан есімді 100 мүшесі Ақсай клиникалық балалар ауруханасына барды. Партиялықтар 100 баланы Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, түрлі бағалы сыйлықтар табыстады.

«Бұл ауруханада әртүрлі ауруға шалдыққан балалар жатыр. Олар еліміздің барлық аймақтарынан келген. Олардың жанында ата-аналары жоқ. Біз балаларға сыйлық алмас бұрын алдын ала келіп, олардың қандай сыйлықты армандайтынын сұрап білдік. Көбі Lego конструкторды қалады. Планшет сұрағандар да болды. Балаларға ең алдымен көңіл бөлу қажет. Біз өзіміздің ыстық ықыласымызды, құттықтауымызды Тұңғыш Президент күні қарсаңында білдіруді жөн көрдік. Сыйлықтарын табыстап, балалардың арманын орындадық», - дейді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Конкуров.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан есімді партияның 100 мүшесі елімізде челлендж бастады.

«Бұл челленджді қазақстандықтар қолдайды деп ойлаймын. Мұндай акциялар еліміздің барлық өңірінде өтеді деген үміт бар. Адамдар көмек пен қолдауды қажет ететін балаларды назардан тыс қалдырмауы керек», - деп толықтырды Станислав Конкуров.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда 30 мыңнан астам адамның есімі Нұрсұлтан екенін атап өтті.
ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өткен іс-шара барысында жақсылыққа шақыратын челлендж басталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары