$ 444.22  476.38  4.82

Қазақ боксшысы Мәскеуде түрікмен қарсыласын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Сәбит 3-раундтың басында Фарухты нокаутқа жіберді.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сәбит Жүсіпов кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады. Жартылай жеңіл салмақтағы бәсеке Мәскеуде өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

 Жерлесіміз бұл жолы түрікменстандық Фарух Салимовпен жолығып, қарсыласын айқын ұтты. Сәбит 3-раундтың басында Фарухты нокаутқа жіберді. Бұл Жүсіповтың кәсіби мансабындағы 9-шы жеңісі. Сәбит бұған дейін әскери самбо бойынша ел біріншілігінде топ жарып, панкратионнан әлем чемпионаты атанған болатын.

Қазақстандық спортшы 2017 жылдан бері кәсіпқой жекпе-жектерге қатысып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары