$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Egemen Qazaqstan» газетіне ескерткіш тақта орнатылды

Сондай-ақ, бүгін  «Жұлдыз» мейрамханасында басылымның бұрын-соңды басшылығында болған, қызмет істеген, өмірден өткен журналистерінің рухына бағышталып ас берілді.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай мерекелік шаралар циклі басталды. Соның негізінде Гоголь 39 мекенжайындағы ғимаратта қазақ тарихындағы ең қабырғалы газет - «Egemen Qazaqstan» басылымының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды  Sn.kz.

«Санаулы күндерден кейін еліміздің бас газеті өзінің ғасырлық мерейтойын өткізеді. Осыған орай, еліміздің әр аймағында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. «Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық тарихында Алматы қаласының орны бөлек. Басылым ұжымы біздің Алматымызға 1929 жылы Қызылордадан толық көшіп келді. Содан бастап, 70 жылдай басылымның редакциясы біздің алып шаһарымызда орналасып, жұмыс істеген. Сондықтан, Алматы төрінде осынау ескерткіш-тақтаның ашылуы – тарихи заңдылық қана емес, азаматтық парызымыздың дәлелі. Бүгінгі ескерткіш-тақта арқылы Алматы шаһарының келбетіне тағы бір келісті бояу қосылды деп есептейміз. «Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық тойы құтты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміз ғасырларға ұлассын!», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Бір ғасырлық тарихы бар жылнаманың 100 жылдығына оарй өткізілетін шаралар мұнымен аяқталмайды. Сондай-ақ, бүгін  «Жұлдыз» мейрамханасында басылымның бұрын-соңды басшылығында болған, қызмет істеген, өмірден өткен журналистерінің рухына бағышталып ас берілді.

Сонымен қатар, бүгін қала әкімінің қатысуымен Ұлттық кітапханада басылымның тарихы мен келешегі туралы ғылыми конференция өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары