$ 498.34  519.72  4.85

Жүкті әйел құрсақтағы сәбиін 46 жыл көтеріп жүрген

Мароккандықтарда бала өмірге келмей жатса, демек ол анасының намысын қорғап жүр деген наным бар.

Әлемдегі ең ұзақ жүктілік мерзімі 46 жылға созылған екен. Бұл таңқаларлық оқиға Мароккода болған, деп жазады Oinet.kz. 

Оқиға өткен ғасырдың 50-ші жылдарында бастау алды. Зара Абуталиб 26 жасында жүкті болады. Жүкті әйелдің айы-күні толып, толғататын сәті келген шағында күйеуі оны ауруханаға жеткізеді. Перзентханада Зара өте сұмдық жайттың куәгері болады. Зараның көзінше жас екіқабат келіншек көз жұмады, дәрігерлер әйелді де, баланы да аман алып қала алмайды.

Зара болған жайттан соң үрейленіп перзентханадан қашып кетеді. Әйелдің толғағы бірнеше күнге жалғасқанымен, бала дүниеге келмейді. Мароккандықтарда бала өмірге келмей жатса, демек ол анасының намысын қорғап жүр деген наным бар. Зара да 46 жыл бойы ішінде баласын көтеріп жүре береді. Дегенмен қартайған шағында Зараның ішінде қатты ауырлық пайда болып, ол дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Сол сәтте өмірге 3 келі тас бала дүниеге келеді. Дәрігерлер де, жергілікті тұрғындар да бұл жайтқа аң-таң болады. Себебі Зараның организмі ешқандай кері реакция бермей, ішіндегі баласын бір организм деп қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жүкті әйел