Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары өз сайлаушыларымен байланысын нығайту үшін такси жүргізушісі болып жұмс істейтін болды. Бұл жайында "КирТАГ" хабарлайды.
Депутаттардың халықпен қатынасын жергілікті телеарналардың бірі көрсететін болады. Бағдарламаның атауы - "Парламент-такси". Бүгінге дейін депутаттардың бірі алғашқы рейсін жасап, екі зейнеткер әйелді Бішкек іргесіндегі елдімекендердің біріне жеткізіп тастады.
Айта кетейік, Қырғызстанның парламенті былтыр 4 қарашада сайлау нәтижесінде жаңадан құрылымдалды. Елдегі парламент сайлауына депутаттар міндетті түрде партия тізімі бойынша сайланады. Былтыр мүмкін болған 120 орынға 6 партияның мүшелері сайланған болатын. Партиялардың Жоғарғы Кеңес құрамына өтуі үшін сайлаушылардың 7 пайыз дауысын жинауы тиіс.