Шымкентте бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының ғимараты өртенді деп жазады Otyrar.kz. Ұзақ уақыттар бойы есігіне қара құлп салынған мәдениет үйі кешеге дейін банк меншігінде болатын. Ал, 2014 жылдың соңында нысан мемлекеттің меншігіне өтіп, "Қоғамдық келісім" МКМ-не берілді.
Қазіргі таңда ғимаратта өңірдегі этно-мәдени орталықтардың өкілдіктері отырады. Яғни, бұрынғы кинотеатр Қазақстан халқы ассамблеясына мүше ұлттардың игілігіне берілген.
Өртті сөндіруге ОҚО ТЖД-ның 50 маманы мен 14 техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.