$ 491.7  531.28  5.07

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» қандай жоба?

«Бұл жоба қазіргі заманға сай мәдениетіміз бен өнерімізді, ақын-жазушыларымызды, әндеріміз бен билерімізді, әншілеріміз бен әртістерімізді, кино туындыларын, мәдени жетістіктерімізді әлем халықтарына таныстыруымызға, дүние жүзінің үздік шығармашылық қауымымен теңесуімізге мүмкіндік береді, жалпы өркениеттілер мәдениетіне жол ашады», - дейді Бақытжан Әбдірұлы.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы туралы айтты. Бұл қандай жоба? Бұл бағытта Алматы қаласында қандай жұмыстар атқарылуда? Қала әкімі БАҚ-қа сұхбат беріп, аталған сұрақтарға жауап берген. Бұл туралы Sn.kz. хабарлайды.

«Бұл жоба қазіргі заманға сай мәдениетіміз бен өнерімізді, ақын-жазушыларымызды, әндеріміз бен билерімізді, әншілеріміз бен әртістерімізді, кино туындыларын, мәдени жетістіктерімізді әлем халықтарына таныстыруымызға, дүние жүзінің үздік шығармашылық қауымымен теңесуімізге мүмкіндік береді, жалпы өркениеттілер мәдениетіне жол ашады», - дейді Бақытжан Әбдірұлы.

Алматы еліміздегі мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің, туризм мен бизнестің ең ірі орталығы. Мұны мектеп оқушыларына дейін біледі. Содан кейін де көпшілігі мектеп бітіргеннен кейін арман жетелеп Алматыға келеді.

«Қалада 400-ге жуық мәдениет орындары, оның ішінде мәдениет ұйымдары мен мекемелері, мұражайлар мен театрлар, киелі нысандар мен ескерткіштер бар. Жыл басынан бері 190 мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылып, 2 миллионға жуық адамды қамтыды.

Ай сайын қала мұражайлары мен бір кездері ұлт зиялылары тұрған мемориалдық пәтерлерде тақырыптық көрмелер, концерттік шаралар мен қойылымдар ұйымдастырылып, ашық есік күндері өткізіліп тұрады. «Музей түні» жобасы ұтымды іске асуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске қосылған кезден бастап жыл сайын «Star of Asia» халықаралық музыка фестивалі жоғары деңгейде өтуде. Фестиваль күндері алыс-жақын шет мемлекеттерден, Азия елдерінен, тіпті АҚШ пен Ресейден келген танымал әншілер, алматылықтардың мақтанышына айналған «Медеу» мұз айдыны алаңында көрермендерге керемет концерт, мерекелік көңіл-күй сыйлайды», дейді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік,  биыл «Star of Asia» халықаралық музыка фестиваліне жастарға кеңінен танымал МОТ, НАZИМА, Dan Balan, оңтүстік корей әншілері, бойзбенд PENTAGON, Таиландтан келген Golf Pichaya, OUTLANDISH тобы, Түркиядан Джема Белеви және еліміздің әншілері Беркут пен Аиша, Айдана Меденова, Төреғали Төреәлі, Мадина Сәдуақасова мен Ninety One тобы қатысты. Ауқымды шара әлемнің 118 елінде тікелей эфирде көрсетілді.

«Сол секілді халықаралық аренада еліміздің беделін көтеруге, қазақстандық заманауи мәдениетті жаһандық ілгерілетуге және Қазақстанның, оның ішінде Алматы қаласының сұлу келбеті мен тамаша табиғатын шет елде насихаттауға бағытталған бірегей шара – 31 телеарнада екі жыл қатарынан ұйымдастырлған «I’m а Singer Kazakhstan» халықаралық телевизиялық жобасы болды. Аталған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы біз көптеген шет елдерге мәдениетімізді, өнер жұлдыздарын және ең бастысы – ару қала Алматының ажары мен көрікті келбетін таныстырдық. Қаламызға, елімізге келетін туристер санының артуына да ықпал еттік», деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұжымының, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, Мемлекеттік қуыршақ театрының, тағы да басқа көптеген мәдениет ошақтарының шетелдерге гастрольдік сапарлары ұйымдастырылып тұрады. 

«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің сүйемелдеуімен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және Түркістан-Сібір теміржолы магистралінің тарихы туралы сыр шертетін «Түрксіб» деректі фильмі Лондонда көрсетілген. 

Сондай-ақ, Францияда өткен «Art Paris» бүкіләлемдік көрмесінде қаншама шетелдік өнер сүйер қауым алматылық суретшілердің өнеріне тәнті болып, керемет туындыларын тамашалады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары