$ 448.15  483.46  4.86

«Рухани жаңғыру»: Мүсірепов театырында дүбірлі той

Айта кетейік, театр 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен ашылған. Содан бері талай биік белестерді бағындырып, еліміздің өнері мен мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыда тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының гастрольдік сапары басталды, деп хабарлайды Sn.kz.

Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар және жасөспірімдер театрында арнайы баспасөз мәслихаты өткізіліп, театр директоры Біржан Жалғабаев, көркемдік жетекшісі Фархад Молдағали, Асылхан Нұржан сапардың мақсаты, репертуардағы жаңалықтар, шығармашылық жоспарлар жайында кеңінен әңгімеледі. Ұжымның жиырма жыл ішінде жеткен жетістіктері, жүлделі орындарға ие болуы, жас актерлердің шеберліктері жайында мағлұмат берілді. 

Айта кетейік, театр 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен ашылған. Содан бері талай биік белестерді бағындырып, еліміздің өнері мен мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.

Гастрольдік сапардың шымылдығы драматург Б. Жақыптың Семей полигонына арналған «Жан ­дауысы» қойылымымен ашылып, ертеңінде Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің желісі бойынша жазылған драмалық туынды көрсетілді. Алдағы күндері М.Әуезовтің «Қарагөз», «86» soundrama спектаклі мен О.Бөкейдің «Жылымық» көркем радиохабар жанрындағы спектаклі және М.Әлібектің балаларға арналған «Сиқырлы дүрбі» ертегісі ұсынылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #театр