Степногор қаласының іргесінде орналасқан мешіт өртеніп кетті деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, оқыс оқиға жексенбі күні Степногор іргесінде орналасқан Заводской ауылыда орын алған.
"Таңғы сағат 06:05-те бір қабаттан тұратын мешіт ғимаратында (20-30 адамға лайықталған намазхана) өрт шықты. Салдарынан 100 шаршы метрді құрайтын ғимараттың ағаштан жасалған шатыры күлге айналды" делінген аталған хабарламада.
Араға үш жарым сағат салып қызыл жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.