$ 494.87  520.65  4.91

Комада жатқан әйел қызын емізді

Жарақат алған әйел ауруханаға түсті.

Аргентинаның Сан-Франциско қаласының тұрғыны аш қалған қызын емізу үшін комадан оянды, деп жазады КТК арнасы.

Мария Лаура Феррейра мотоциклінде тоқтаған кезде оған қарақшы шабуыл жасаған.

Жарақат алған әйел ауруханаға түсті. Құлаған кезде басын жерге соғып, комаға түсті. Аргентиналық әйел бір ай вегетативті жағдайда болғаннан кейін, дәрігерлер оның жақын арада қайтыс болуы мүмкін екендігі туралы отбасына хабарлады, тіпті оның ағза мүшелерін трансплантацияға мұқтаж науқастардың пайдасына беруді ұсынды.

Феррейраның күйеуі Мартин Дельгадо мұндай болжамдарға қарамастан, әйелі оянатынына сенімді екенін айтты.

23 қараша күні Дельгадо ең кіші екі жасар қызын ауруханада анасына апарды. Қыз әдеттегідей сүт емгісі келетінін айтып анасына сыбырлады. Феррейра кенеттен киімін шешіп, қызына омырауын берді.

Дельгадо барлық куәгерлер ана мен қыздың бір-бірін қалай құшақтап жатқанын көріп жылағанын айтты.

Соған қарамастан, әйелі әлі күнге дейін есін жиған жоқ. Туыстарының сөзіне жауап бермейді. «Біз жақсылық болады деп үміттенеміз, өйткені оны үш баласы сағынышпен күтіп отыр», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кома