$ 448.56  478.03  4.79

Алматыда журналистер арасында шахматтан турнир өтті

Бұл турнирге шахматтан спорт шеберлері мен кандидаттар қатыстырылған жоқ.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында журналистер мен ардагер қаламгерлер арасында шахматтан турнир өтті. Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты, еліміздегі «Ең үздік қоғамдық-саяси басылым» — «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында шахмат турнирін өткізу дәстүрге айналып келеді.
Қолына қалам ұстаған журналистер арасындағы шахмат жарысы биыл 28 қараша күні өткізілді. 

Бұл турнирге шахматтан спорт шеберлері мен кандидаттар қатыстырылған жоқ. 

Шахмат турнирінің Бас демеушісі — «Айғақ» телерадиокомпаниясы мен «Abai.kz» ақпараттық порталы болды.

«Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында ұйымдастырылатын шахмат турнирінің қорытындысы бойынша жүлдегерлер арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
Атап айтқанда, әуесқой шахматшылар арасында тартысты өткен турнирде бірінші орынды «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлім қанжығалады. Ал екінші орынды журналист Балтабек Түйетаев, үшінші орынды Тілек Абдрахимовтар иеленді. 

Ал Алданазар Жайлыұлы, Ерік Оспанов және Ибраим Баратовқа ынталандыру сыйлығы бұйырды. 
Сондай-ақ, Асхан Өмірбаевқа «Белсенді қатысушы», Мамадияр Жақып пен Аян Нысаналинге «Арадагер қатысушы» номинациясы бойынша ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. 

Айта кетейік, журналистер арасындағы әуесқой шахматшылар турнирі биыл осымен VI жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары