Жаңалықтар 29.11.2019 сағат 16:03

Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыз әлем үшін» атты көрме өтті

Тәуелсіз Қазақстан ядролық сынақ полигонының жабылуы үшін күрес жүргізіп, суық қарудан бас тартып батыл қадам жасаған болатын.
Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыз әлем үшін» атты көрме өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған көрмеде бұрын-соңды қолжетімсіз болған құжаттар көпшілік назарына ұсынылды. «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев ядролық қарусыз әлем үшін»  деп аталатын шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне орайластырылып ұйымдастырылған. Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Мемлекеттік Орталық мұражайда бұрын соңды қолжетімсіз болған құжаттар көпшілік назарына ұсынылған. 
Семей өлкесін жарылыстар алаңына айналдыру барысындағы қазақ жерін улаған сынақтардың зардаптары қоршаған ортаға, бүгінгі және болашақ ұрпақтың денсаулығына алапат әсерін тигізіп, орны толмас қайғыға душар еткен еді. 

Десе де, Тәуелсіз Қазақстан ядролық сынақ полигонының жабылуы үшін күрес жүргізіп, суық қарудан бас тартып батыл қадам жасаған болатын.

Әлемдік тарихта ядролық сынақ полигонын халқының еркіне сай жапқан алғашқы мемлекет - Қазақстан. Осылайша еліміз әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысы және бейбітшіліктің кіндігі болды. Осы  орайда ұйымдастырылып отырған көрменің негізгі мақсаты - әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны мен рөлін және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еліміздің үлесін көрсету.

Көрмеге қойылған құжаттар ҚР Президенті мұрағатының құжаттық материалдары мен «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы комитеті ұсынған материалдардан алынған. Сондай-ақ, «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының Семей ядролық полигонына арналған кітап көрмесі де ерекше қызығушылық тудырды.

«Бұл көрменің орны да, мәні-мазмұны да өте жоғары. Біздің өзіміздің ядролық полигоннан көптеген зардап көрген халқымыз үшін де өте маңызда деп ойлаймын. Өйткені, бұл тақырып осы күнге дейін қанша жыл өтсе де, әрине, халқымызға қиын түскеннен кейін ол біздің есімізде, жадымызда сақтап келе жатырмыз.

Осы біздің мемлекеттік саясатта «ядросыз әлем үшін» бағдарламаларын жүргізген тұңғыш Президентімізді қолдап, қосыламыз», деді ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайының ғылыми хатшысы Ғалия Теміртон. 
Аталмыш көрменің Президент күніне орай ұйымдастырылуының өзіндік мәні бар. Елбасының бастауымен іске асқан тарихи оқиғаның құрметіне арналған көрме екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде атом полигонын жабудағы Тұңғыш Президенттің рөлі мен сіңірген еңбегін көрсетуге арналған мұражай қоры болса, екінші бөлімде алғашқы кеңес атом бомбасын құру туралы құжаттар, Семей полигонының орналасу картасы, фотоқұжаттар, газет, кітап, плакат және басқа да заттай деректер қойылған.
«Біздің көрмеде Президент мұрағатынан іріктеліп алынған құжаттар бар. Бұл құжаттар осы уақытқа дейін көпшілікке қолжетімді болған жоқ. Сұраныс берушілердің көпшілігі арнайы бөлімдерге жүгінген. Ал, қазіргі мұражай қорында қызықты құжаттар бар. Мысалы, Ролан Сейсембаевтың хаты, Германия дәрігерлерінің Елбасына жолдаған хаты, Берияның атом қаруы жайлы Сталинге жолдаған хаты және басқалары. Бұл хаттар Семей полигонына қатысты мәселелердің қоғам арасында қандай резонанс тудырғанын көрсетеді», -  деді Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гүлсара Жапақова. 

Еске сала кетсек, Семей полигонында соңғы жарылыс 1989 жылы жүзеге асырылған. Дәл осы жылы Олжас Сүлейменовтың бастамасымен «Невада - Семей» қозғалысы құрылып, 1991 жылы Президент бұйрығымен ядролық полигон есігі елімізде мәңгіліке жабылған. Осы орайда ашылған бұл көрме тарихтан терең сыр шертіп, құнды дәйектемелерді жарыққа шығарды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар