$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Шығыс базары» жәрмеңкесі өтіп жатыр

«Шығыс базары» жәрмеңкесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Алматыдағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясыда мемлекеттік орталық музей мен «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп ұйымдастыруымен Мемлекеттік орталық музейде қолөнер шеберлерінің «Шығыс базары» атты жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Орталық Азия қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында өтіп жатыр. 
Жәрмеңкеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден келген шеберлердің сыйлық және кәдесый өнімдері ұсынылған.

Атап айтар болсақ, киізден тігілген киімдер, теріден жасалған әмиан, белдік және тағы басқа күнделікті тұтынатын заттар бар. Сондай-ақ, ағаш, керамикадан жасалған ыдыстар, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, тоқыма бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, жәрмеңке аясында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды, онда қолөнер шеберлері бір-бірімен тәжірбие алмасты.

«Шығыс базары» жәрмеңкесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары