$ 494.87  520.65  4.91

Біреудің мүлкін тартып алған "Нұр Отанның" депутаты ұсталды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Кеңесхан Басқарбаевты бопсалау дерегі бойынша қамауға алды деп жазады «NewTimes.kz» АА Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер 2015 жылдың желтоқсанында Теміртау қаласының тұрғынынан ірі көлемде қаржы бопсаланғандығын анықтаған. Тергеу барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі азамат ұсталды. Олар: Теміртау қалалық мәслихатының депутаты К.Басқарбаев пен 33 жастағы жергілікті тұрғын. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілер жәбірленуші әйелді қорқыту арқылы пәтеріне сенімхат жаздыртып, Украинадағы үйінің құжаттарын және «ВАЗ 21214 Нива» көлігін тартып алған.

Ұсталған 33 жастағы күдіктіні тексеру барысында есірткі заттары, жәбірленушіге тиесілі пәтердің және көліктің кілттері табылған. Сондай-ақ, депутат Басқарбаевты тінту кезінде Украинадағы үйдің құжаттары табылып, айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды.

Дереккөздің хабарлауынша, Кеңесхан Басқарбаев "Нұр Отан" партиясы Теміртау қалалық филиалының жемқорлықпен күрес кеңесін басқарады. Партия филиалындағылар оның ұсталғандығы туралы ақпаратты әлі растаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары