$ 448.15  483.46  4.86

Таразда оқушы қызды зорлаған қылмыскерге сот үкімі шықты

14 жастағы қызды зорлаған Тараз тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айрылды деп жазады ҚазТАГ Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша арнайыландырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сот шешімімен Қуатбек Көшербаев ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы 4 тармағы бойынша қылмысқа кінәлі деп табылып, ол 15 жылға бас бостандығынан айрылды және жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізтін болады. Сондай-ақ, айыпты өмірінің соңына дейін кәмелетке толмағандармен байланысты педагогикалық жұмыстардан шеттетілді" делінген ведомство таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, айыпты азамат - Тараз қаласының 42 жастағы тұрғыны спирттік ішімдік ішіп алып, көршінің қызын зорлаған. Оның жәбірленушіні өлтіремін деп қорқытып, арам ойын жүзеге асырғаны анықталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары