$ 449.58  486.94  4.86

2020 жылдың символы анықталды

Жыл құсын таңдау кезінде ителгімен қатар тазқара мен қоқиқаз да ұсынылған.

2020 жылдың нышаны болатын құс – Ителгі. Мұны Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы мен Құстарды қорғау одағы бірлесіп таңдады, деп жазады Altaynews.kz.

Жыл құсын таңдау кезінде ителгімен қатар тазқара мен қоқиқаз да ұсынылған.

«Ителгі жыртқыш құстар тобына жатады. Ол солтүстіктегі далалы жерден бөлек, Қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Көбіне Маңғыстау, Үстірт және Сарыарқаның жатаған тауларын мекендейді. Алтай, Хантәңірі тауларының бөктерін қыстайды. Ителгі 90-жылдары браконьерлердің араб елдеріне сатуы салдарынан сиреп кетті. Арабтар ителгінің саятшылыққа ұстайды. Сарапшылардың анықтауын, қазір елімізде бірнеше жүз ителгі жұбы ұя салады», – делінген қауымдастық сайтында.

«Жыл құсын таңдаудағы мақсат – халықтың назарын құстарға аудару, табиғатты қорғауға үндеу шараларын өткізу».

Айта кетейік, биылғы жылдың (2019) символы – дуадақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құс