$ 498.34  519.72  4.85

Командир 100 мың теңге пара алғаны үшін 3 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz


Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «61993 әскери бөлімі» РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алғаны үшін бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап. 

«Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.С.Қойбақов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 3 млн. теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары