$ 447.4  477.55  4.76

Интернеттің миға әсері қандай?

Қазіргі уақытта кеңінен таралған онлайн әлемнің болашақта адам өміріне әкелетін кері әсері жетерлік.

Заманауи қоғамда интернеттің орны ерекше. Өйткені ешбір мәселе не жұмысты ғаламтордың көмегінсіз шешу мүмкін емес болып барады. World Psychiatry журналының жүргізген зерттеуі интернетте өткізген әрбір минут адам ойының жинақталуын әлсірете түседі деген шешімге келген. 

Интернеттен алатын ақпараттың көптігі соншалық адамдар фактілер мен деректерді есте сақтауды азайтқан. Осының арқасында адамның өмірі ғана емес, мидың жұмысы да өзгеріске ұшыраған. Ғаламторды жиі пайдалану мидың үш бөлігіне кері әсерін тигізеді. Нақтырақ айтқанда: есте сақтау, назар және қоғаммен байланыс.  

Қазіргі уақытта кеңінен таралған онлайн әлемнің болашақта адам өміріне әкелетін кері әсері жетерлік. Алайда ғалымдар бұл құбылыстан "қашып құтылу мүмкін еместігін, оның барлық жерді жалмап алғанын және заманауи адам өмірінің бір бөлшегіне айналғанын" айтып дабыл қағуда. Интернетттен түрлі ақпараттарды ақтарып, әлеуметтік желілерді шарлап, арасында басқа да тірліктерін жасайтындар назарын бір тапсырмада ұстау қабілетінен уақыт өте айырылады.  

Бірнеше ақпаратты бір уақытта қабылдап, бір сәтте түрлі нәрселерді ақтару проблемаға әкеп соқтырады. Осылай жалғаса берсе, интернет болашақта мидың қызметі мен қоғамның жүйесін өзгертуі мүмкін. Смартфон мен ноутбукті жиі қолданатындар жаңа "тексеру" әдетін қалыптастырған. Олар белгілі бір уақыт өткен сайын телефонын тексеріп, қайта-қайта қарауды әдетке айналдырған. Мұндай әдет назардың әркез бөлініп кетуіне әсер етеді. 

Сондай-ақ заманауи адамдар интернетті ақпараттың дереккөзі ретінде қарауға үйреніп алған. Ақпаратты есте сақтаудың орнына, ғаламторға сеніп, сол жерден қарай салуға дағдыланып келеді. Дегенмен ғалымдар мидың есте сақтаудың орнына күш-қуатын басқа маңызды жұмыстарға жұмсауға үйренетінін болжайды. Әзірге бір нақтысы, адамның онлайн өмірінің оффлайн өміріне әсері аз. Әлеуметтік желіде достарымыз көп болғанына қарамастан шынайы өмірдегі олардың саны артқан жоқ.  

Дегенмен онлайн әлемде адамдардың бір-біріміне сөйлесуі мен қарым-қатынасы өзгерген. Жаңа әлемде ақпаратты тексеру мен сыни көзқарас ең маңызды дағдыға айналмақ.  

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#интернет