Жеті адамды алдаған әйел қамауда отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,қала тұрғыны мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алып беруге уәде берген. Алданған тұрғын 150 мың теңге беріп жіберген.
«Жоғары оқу орнының 3-курс студенті ақысыз білім алу үшін 700 мың теңгесін алаяққа ұстатты. Ол қазір ақылы бөлімде білім алып жүр. Қазір жеті дерекке қатысты тергеу басталды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.