Әл-Фараби ауданында жалпы 665 көпқабатты тұрғын үй бар, соның 610 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Sn.kz.
Жылу жеткізуші мекеме тұрғындарға жылуды жертөледегі элеваторға дейін жеткізуге міндетті, ал ары қарай тұрғындардың тік құбырларымен жатын құбырларды ауыстырулары өздеріне жүктеледі.
Алайда, Шымкент қаласындағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру кезінде пәтерлер ішіндегі ақауларға байланысты жылу беру мүмкіндігі болмай қалады. Себебі, тұрғындар қысқы жылу беру маусымына көп қабатты тұрғын үйлерін өз күшімен мерзімінде дайындаулары қажет.
Жылымайтын жатын, тік құбырларын, жылу қондырғыларын ауыстырып, сығымдау жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып, қысқы жылу маусымына дайындаулары қажет. Жылу маусымы басталар алдында әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленұқұлов өзі тексеріп отырады.