Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және «Shymkent adaldyq alańy» қызметкерлерімен бірлесе кездесу өтті, деп хабарлайды Sn.kz.
Жиналыс барысында талқылаудың негізгі тақырыбы «Ауданның мәселелері және оларды шешу жолдары» болды.
Аудан әкімі тұрғындарды толғандыратын мәселелерді, қажетті мәдениет бойынша жастармен бірлескен жобаларды және басқа да қызықты шараларды іске асыруға дайын екендігі, сондай-ақ: 2020 жылға ауданнын ифрақұрылымың дамытуға бөлінген «бір миллиардты қайда жұмсауға болады?» деген сұрақтарды және басқа да сұрақтарға «ашық микрофон-ашық әңгіме» платформасындағы басқа тақырыптарды талқылады.
Сонымен қатар, негізгі тақырыптардың бірі әкімдік ғимарат алдынан қол жетімділік, OPEN SPACE форматта «ашық әкімдік» құру болды.