$ 494.87  520.65  4.91

«Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасының жетістігі

«Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасы – қала тұрғындарына өз үйінде кәсібін ашуға зор мүмкіндік. Аталған жобаны Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов та қолдап, игілікті шара жүзеге асуда.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов та қолдап, игілікті шара жүзеге асып отырған «Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасының аясында жеке кәсібін ашқандардың бірі – көпбалалы ана Аманкүл Пірімбетова. Өзі жалғызбасты, 5 баласы бар. Ол да мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке (1 айға 122 325 теңге) қол жеткізген, деп хабарлайды Sn.kz.

Өзі жеті жыл көлік жуу салонында жұмыс істеген. Көлік жуу ісінің де өз ерекшелігі бар екенін меңгерді. Енді өз алдына жеке автожуу салонын ашып, кәсібін жүргізуге мүмкіндік алды. Құрбысы Нұрсила Мұратбекқызымен бірге сервистік қызмет көрсету ісін дамытпақ. Қаланың қайырымды азаматтары екі азаматшаға көлік жууға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып әперді.

Мадина Пірімбетова да бүгінде «Атамекен» палатасында дәріс алып, қазіргі таңда грант алу үшін конкурсқа құжаттарын тапсырыпты.

«Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасы – қала тұрғындарына өз үйінде кәсібін ашуға зор мүмкіндік. Аталған жобаны Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов та қолдап, игілікті шара жүзеге асуда. Жалпы, бағдарламаға қатысуға Шымкент қаласынан 23 отбасы тіркелген. Жобаның мақсаты – табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсету.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атамекен