Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын өмірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында өмірге келген Әлинұр Жалғасбай қаланың 500 мыңыншы тұрғыны атанды.
«Ер бала аман-есен өмірге келді. Салмағы – 3060 келі, бойы – 53 см. Биыл 10 айда перинаталды орталықта 6 мыңнан астам бала дүние есігін ашты», - деді бас дәрігердің орынбасары Анар Әмірқұлова.
Жас ананы қала әкімі Мавр Абдуллин құттықтап барды.